ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКА ҚҰРУЫ

Кез келген елдің экономикасы оның негізгі саласы. Халықтың тұрмыс жағдайы мен болашағы ел экономикасына тікелей байланысты екенін белгілі. Қазақстан ғана емес, Кеңестік одақтан бөлініп шыққан қай елдің болмасын экономикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында тым нашар, қиын еді. Коммунизмнен капитализмге өту, нарықтық қатынастар экономикаға айтарлықтай қиындық туғызды.

Жаңа экономиканы құру – қиын да тәуекелді міндет. Оны шешу кезінде Қазақстан билігі «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясына» арқа сүйеді. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыру отандық экономиканың құрылымы мен оның өсу динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стратегия мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың әлемдік бағасының конъюнктурасына тәуелді болу проблемасын шешеді, диверсификациялау арқылы экономиканың шикізат бағытынан бас тартуына жағдай туғызатын болады, сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін негіздер қаланатын болады. Біздің сарапшылардың сол кездегі есептеулері бойынша, индустриялық-инновациялық саясаттың жүргізілуі экономикалық өсу қарқынын кемінде жылына 8,8-9,2 пайыз көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

«Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаћандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті».

«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауынан, Астана, 1 наурыз 2006 жыл