ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫ ӘЛЕМДІК ИНВЕСТОРЛАР НАЗАРЫНДА

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген ірі мемлекеттер Қазақстанды дау-жанжал жиі шығып тұратын, экономикасының негізгі бөлігі көлеңкелі посткеңестік қатерге толы аймақ деп есептейтін. Шетелдік әріптестермен кездесулерде әлемдің бизнес элитаны Қазақстанның сенімділігі мен тұрақтылығына, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерді сөзсіз орындайтынына сендіруге тура келетін.

1994 жылдың қарашасындағ экономикалық ахуалды мұқият талдағаннан кейін, Үкімет страгегиялық шешім қабылдады, бірнеше рет ірі тау- кен, химия және металлургия кәсіпорындарын шетелдік компаниялардың басқаруына беру керек еді.

1994 жылдың 27 желтоқсанындағы «Шетелдік инвестициялар туралы» заң шетелдік инвесторлар үшін анағұрлым ыңғайлы жағдай қалыптастырды. Инвесторлармен әріптестіктің сызбасының өзінде елеулі тәуекелдер болды. Елдің жүйе құрушы кәсіпорындарын құтқару үшін шұғыл шаралар керек болатын.

Әсіресе металлургия жағдайы қиын еді. Әлемдік металл нарығында берік орны бар тек ірі компания ғана дағдарыст ан шығара алатыны белгілі болатын. 1995 жылы оның жаңа меншік иесі Қарметкомбинаттың  350 млн доллар көлеміндегі борышын жапқан үнділік алып – Ispat International N.V болды.  Бұл компаияның 10 жыл ішінде Қазақстан өнеркәсібіне салған жалпы қаржысы 1 миллиард доллардан асты.

Инвестициялық заңнамалардың либералдануынан соң шетелдік капитал экономикада айтарлықтай рөл атқара бастады. 1994-1995 жылдары шетелден 3 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. «Қазақмыс», «Еуразиялық топ», «Қазмырыш» және басқа да шетелдік капитал тартқан жеке корпорациялар пайда болды. Инвесторлармен бірге жаңа технологиялар және заманауи менеджмент келді.

Арнайы инвестициялық жобалардың арқасында өнеркәсіпте таяуда ғана үмітсіз деп саналған жағдайдың біразын түзеудің сәті түсті. Өндіріс қазақстандықтардың көз алдында қайта дамып, олардың дағдарысты жеңеміз деген сенімі нығайды.