ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МАМЫР АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады.
Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.
Биыл мемлекеттік мереке саналатын 1 мамыр сенбіге дәл келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі – 3 күн қатарынан демалады.
Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбі демалыс күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады.
Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шеру өтпейтінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.