ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ТЕЗДЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР

Елбасының Қазақстанды дамыту үшін, дамыған алдыңғы қатарлы елдер қатарына кіру үшін «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдағаны белгілі.

Стратегияны жүзеге асыру тетіктеріне келсек, бұл ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы жылдық, үш жылдық және бесжылдық жоспарларда белгіленетін болды, солар бойынша барлық мемлекеттік органдар көрсетілген мерзімде есеп беріп тұратын болды. Бұл ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен барлық азаматтардың күш-жігері тоғысқан нүктеге айналуы керек болды. Олар еліміздің келесі жылдардағы бюджетін құру және кадр саясатын жасақтау кезінде қолданылатын тәсілдер мен критерийлерді айқындады.

«1. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды және бюджеттік ұйымдарда жалақыны толық жєне уақтылы төлеуді қамтамасыз ету.

2. Бір жыл ішінде аз қамсыздандырылған кемінде 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде, жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына пара-пар сомада шағын кредиттер беру.

3. Үстіміздегі жылдан бастап шағын және орта бизнесті, фермер қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға кемінде 100 млн. АҚШ доллары сомасында кредиттер берілуін қамтамасыз ету.

4. Мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзінде кемінде 22 млн. АҚШ долларын бөлу.

5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған кредиттердің кемінде 2,5 млрд. теңгеге арзандатылуын қамтамасыз ету.

6. Салауатты өмір салты жолындағы қоғамдық науқанды бастау.

7. Осы мақсатқа кемінде 40 млн. АҚШ долларын бөле отырып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісу. 1998 жылғы сәуірде осы бағдарламаны жүзеге асырудың принциптері мен одан күтілетін нәтижелер жайында жұртшылыққа баян ету.

8. Балалардың мектепке түгелдей баруын қамтамасыз ету».

2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясынан, 1997 жыл