ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Әлем елдері әріптестікке құшағын ашып отырса, бұл, әрине — сыртқы саясаттағы Тәуелсіз Қазақстанның биік беделі, асқақ абыройының көрінісі. Елдегі татулық пен тұрақтылыққа сенгені деп білеміз. Қаржы қатынастары әр алуан түрде жүзеге асырылады.
Ең бірінші, бұл – шет ел валютасын сатып алу және сату. Онымен банктер айналысады. Олар шет елдік банктермен белгілі бір мерзімде валюта жеткізуге (доллар, еуро, т. б.) мәмілеге келеді. Оларды ақша айырбастау пунктеріне сату арқылы пайда табады.
Екіншіден, бұл — несие беру немесе несие алу. Олардың көмегімен елдер арасындағы барлық негізгі экономикалық байланыстар жүзеге асырылады. Несиені төменгі пайызбен алып, оны кіріс табу үшін пайдаланудың және уақытында қайтарудың маңызы бар. Ондай болмағанда, елдің сыртқы қарызы пайда болады.
Үшіншіден, бұл – ұзақ мерзімге капитал салу (инвестиция) немесе шет елдердің инвестиция салуы. Капитал дегеніміз – ақша қаражаты, шикізат қоры және құрал-жабдық та болып табылады. Ең маңыздысы, ол кіріс кіргізуі шарт.
Қазақстанға экспортқа капитал шығаратын негізгі елдер -АҚПІ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай жөне Түркия. Мысалы, АҚШ-тың инвестициясымен – Теңіз кенорны, Ұлыбритания инвестициясымен – Қарашығанақ. Қытаймен – Жаңажол, Құмкөл кәсіпорындары игерілуде. Оңтүстік Кореяның ақша салымы негізінде мыс өнеркәсібіне жұмсалуда.
Қазақстан езіне инвестиция тартып қана коймай, өзі де оны басқа елдер экономикасына салуда. Олар ТМД елдері, әсіресе — Ресей.