ЛАТЫН ӘЛІПБИІ — ТҮРКІ ӘЛЕМІМЕН КІРІГУДІҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ
Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылғы 4-5 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде жоғары оқу орындарының, колледждер мен мектептердің ғалым-филологтарының, қазақ тілі мұғалімдері мен әдіскерлерінің қатысуымен Ашық Республикалық талқылау өткізілді, оған 630 маман қатысты. Талқылау нысаны-орфографиялық жұмыс тобы мүшелері әзірлеген С, W, X белгілерінің жетілдірілген әліпбиі жобасын енгізу және дыбыстарды таңбалау және, і, ж, ң, ц, ч дыбыстарына белгілер беру. Еліміздің 9 өңірі орфографиялық жұмыс тобының мүшелері әзірлеген жетілдірілген әліпби жобасын қолдады.
Жалпы практика мен әліпбиді құру теориясына сәйкес орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары түркі халықтарының әліпбиін жасау фонетикасы, орфографиясы мен практикасы бойынша 18 онлайн дәріс өткізді. Дәріске еліміздің барлық өңірлерінен келген ғалымдар, өңірлік оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысты. Бұл дәрістер YouTube арналарында және Facebook әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде көрсетілді.
Латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. Латын жазуына көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс.