ЛАТЫНҒА КӨШУДІ ҚОЛДАЙМЫН
– Латын әліпбиіне көшуді қолдаймын. Алайда, әліпбиді жасағанда бастапқы мақсатымызды ұмытпауымыз керек. Біздің мақсат – қазақ тілін үйренуді жеңілдету. Әсіресе, елімізге саяхаттап келетін еуропалықтар, шетелдіктер латын әліпбиімен жазылған қазақ жазуларын оқу үшін тағы бір әліпбиді жаттамай-ақ оқи білгені тиімді. Аса өзгеріске ұшыраған диграфпен немесе апострофпен жазу арқылы біз сондай жетістікке жете аламыз ба?
Ағылшынның «W» (дабл ю) әрпі ешқашан «Ш» әрпінің рөлін атқара алмайды. Себебі, «дабл» деген «қайталау». Яғни «ю» әрібіндегі «и» немесе «у» екі рет қайталанады. Графикасы ұқсағаны үшін «W» дабл ю-ды «Ш»-ның орнына қолдану ешқандай елдің тәжірибесінде жоқ. Ал «S`» деп апострофпен жазып қазақтың қарапайым сөзінен анайы мағына жасап шығаруға жол бермей, «Sh» күйінде қалдыруды қолдаймын.
Жалпы, латын әрпін пайдаланатын елдердің басым бөлігі Еуропада. Сондықтан Ұлыбританияның ағылшын әліпбиіне сүйене отырып, қазақ әліпбиін жасап шығаруды ұсынған болар едім. Өйткені, онда қазақтың «і», «ә», «ө», тіпті «ш» әріптері сол күйінде дыбысталатын әріптік таңбалары бар. «Р» әрпінің екі түрі бар. Ал француз тілінде латын әліпбиінің қолданысы өте күрделі. Тіпті, кей тұста французша бір дыбысты айту үшін әліпбиіндегі 7 әріпті қатар жазуға тура келеді. Тіл үйренуші әріптерді жаттап отыра ма әлде сөзді жаттайды ма? Тіл үйренуді қиындатпай, осы жағын ескеру қажет.
Бір үтірдің өзі бір әріптің орнын алады. Апострофты қолдану шарт емес. Міне, латын әліпбиінде сондай еркіндік басым болса, қазақтың «қазысын» ағылшын да, итальяндық пен бразилиялық та «қазы» деп оқи алады. Қазақ тілінің кеңістігін кеңейту деген осы емес пе?!
ЕРБОЛАТ НҰРМАХАНОВ,
Шымкент қаласының азаматы.