«МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ — ИНДУСТРИЯҒА» — САЛМАҚТЫ БАҒДАРЛАМА

Тәуелсіз елдің 30 жылдығын тойлай отырып, толағай табыстармен мақтана аламыз. Әйтсе де ел ішіндегі маңызды мәселелерді дер кезінде шешіп отыру қажет-ақ. Мәселен, еңбекк нарығындағы баланс бұзылып барады. Солтүстікте жұмыс күші жетпей жатса, Оңтүстікте екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп. Солтүстікте гектарлап жайылым жерлер бос жатса, оңтүтікте сегіз соттыққа қол жеткізудің өзі мұң. Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрайды. Бұл ретте ағымдағы үрдістер сақталғанда солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың саны 5,3 млн. адамға өседі деп күтілуде. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен төрт есеге артық болады.

Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар
қабылдануда. Осы жобалардың ең ауқымдысы — «Мәңгілік ел жастары — Индустрияға!» деп аталады.

Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қалаларының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатыса алады.
Жоба шеңберінде кадрларды даярлау алты өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады. Жоғары білім беру жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Осылай өңіраралық балансты сақтау арқылы біршама мәселелердің алдын аламыз.

А. АСҚАР