МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ

Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл —тәуелсіздік символы» қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді этнос жастарын ынталандыру.Байқау 3 кезеңнен тұрды: Бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау қатысушылары ұсынған бейнематериалдарды бағалады;Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдап, берілген тақырыпта ой толғады (3 минут);Үшінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік тілде «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазды.

БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ — Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Хурматай Азатбековна Абдухамидова І ОРЫН ИЕГЕРІ — 6698 әскери бөлімінің 2 атқыштар ротасының аға сарбазы Василий Андреевия Казарин ІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ — №88 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Темур Андреевич Пак пен Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектептің химия және биология пәнінің мұғалімі Барно Кудратовна Ильхамжанова ІІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ — № 57 жалпы орта білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахиста Шухраткызы Баялиева, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ Жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің менеджер кеңесшісі Латиф Кадирович Алиханов пен №83 жалпы орта білім беретін мектептің дефектолог-мұғалімі Наргиза Ибрагимовна КараахмедоваАРНАЙЫ НОМИНАЦИЯНЫ — ШЖҚ Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы МКК-7 бекет фельдшері Сергей Алексеевич Антон, Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің аға сержанты Васиф Юсупулы Хусейн мен №18 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-асистенті Зарина Ишаевна Бациева иеленді.