ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
Шымкент қалалық архивінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Құрметті азаматтар» көрмесі өтті.
«Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы – 1967 жылдан бастап Шымкент өңірінің дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып, әр салада еңбегімен үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың құрметіне ие болған үздіктерге, қоғам қайраткерлеріне, дара тұлғаларға беріледі.
Көрме Шымкент қалалық архиві 1991 жылдан 2021 жылға дейінгі 139 азаматтың мемлекеттік архивтерде сақтауда тұрған құжаттары негізінде жинақталған мәліметтерден жасақталды.
Іс-шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматтары Асқар Әзімбаев, Сағынғали Абубакиров, Икрам Хакимжанов, Сапар Өтемісов, Серік Жанәбілов қатысып, өмір, еңбек жолдары туралы сұхбат берді.