«ОРДАБАСЫНЫҢ» АЛТЫ ОЙЫНШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНА ШАҚЫРТУ АЛДЫ
![](https://aldaspaninfo.kz/wp-content/uploads/2021/03/Футбол.jpg)
Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов УЕФА Әлем Кубогының іріктеу ойындарына шақырылған ойыншыларды атады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Олардың арасында «Ордабасының» да ойыншылары бар: қақпашы — Бекхан Шайзада, қорғаушылар — Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, жартылай қорғаушылар — Еркебұлан Тұңғышбаев және Эльхан Астанов.
Сонымен қатар, қосалқы құрамда шымкенттіктердің тағы бір ойыншысы — Бағдат Қайыров бар.
Айта кетсек, Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Әлем Кубогының іріктеу кезеңінде екі ойын өткізеді. 28-наурызда жерлестеріміз Нұр-Сұлтанда Францияны қабылдаса, 31-наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы