ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «UZ-FOOD 2021» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

2021 жылдың 28-30 сәуірінде Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Uz-Food 2021 өндірісінің азық-түлік, ингредиенттері және технологиясы» халықаралық көрмесінің 20-шы мерейтойы өтеді.
Аталған көрмеде ет, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, тамақ өнімдері, тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар, ұн тағамдары, қаптамадағы өнімдер ұсынылады.
Көрмеге әлемнің 100-ден аса мемлекеттерімен қатар Қазақстан да қатысады.
Аталған шара Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.