ОТЫЗ ЖЫЛДА ОЗЫҚ ШЫҚҚАН САЛА

4 қазан күні Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне» орай, өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы» өткізілді. Форумға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия төрағасының орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары, содай-ақ «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты. Форум кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін нығайту, кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамыту және кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысына елеулі еңбегі сіңген бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының марапаттарын табыстады. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарабаев Жарқын Құрманбекұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Өтебаев Әділ Абдықалықұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ашенов Бақдаулет Төлебайұлы және Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы-заңгер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қышқашев Тимур Әсілбекұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағының «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-сі басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қосалиева Перизат Еркімбайқызы, «Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» «Салықтық бақылау» бөлімінің бас маманы Бірлесов Ардақ Нұрланұлы марапатталды.

Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі