Семейде төтенше жағдай жарияланды
Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта өңірдегі Бесқарағай ауданына қарасты 11 ауылдық округке су тасқыны қаупі төніп тұр. Стеклянка, Глуховка, Бірлік және Белокаменка ауылдары су астында қалуы мүмкін. Мұнда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп, су арналары мен арық-атыздар аршылып, көшелер тазартылып жатыр.