ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІ ЖҮЙРІК ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қазіргі кезде цифрландыру саласы бойынша еліміз қарқынды дамуда. Аталмыш  жүйе барлық саланың дамуына және жұмыс күшін тиімді пайдалануға көмектеседі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері цифрландыру саласы бойынша көптеген оң өзгерістер орын  алды. Цифрландыру саласының дамуына Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге электронды билеттеуді құрған, «QazSmartTrans» ЖШС басшысы     Сержан Ақылбаевты, Шымкент қаласындағы интернет желісінің дамуына мол еңбек сіңірген  азамат, оңтүстік өңірлік АҚ «Қазақтелеком» басшысы Ерлан Оспанов және «Сергек» бейнекамераларының құрушысы, Оpen Technologies Group/«Коркем Телеком» консорциумының басшысы Қайрат Ахметовтың еңбегін ерекше айтып  өтуге болады.

          Шымкент қаласы республикада  маңызы бар үшінші қала статусын алғаннан кейін шаһарды сапалы интернетпен қамту ісі жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Бүгінде «Самғау-Телком» тарапынан қала аумағындағы 17 елді мекенге оптика желісін жүргізу көзделген. Оның ішінде Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200үй) кабель жүргізіп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдауда. Ал, «I-LinkNet» тарапынан 13 елді мекенге оптика желісін жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда «Доcтық-2» және «Ақжайық» шағын ауданындағы 1 көшеге кабель жүргізу жұмыстарын бастап, тұрғындардан интернет желісіне қосылуға өтінімдер қабылдануда.  «FishNet» 80 000 үй шаруашылығын 2023 жылға дейін қамту көзделуде. Сондай-ақ,  «Қазақтелеком» АҚ 24 елді мекенді радиожелі арқылы интернетпен қамтуды жоспарлануда. Ағымдағы жылы шілде айының аяғына дейін  тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылмақ.