ШЫМКЕНТ ОҚУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТА 1-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының» оқушысы Айбын Жұмабеков халықаралық XVI «JULDYZAI» фестивалінде бірінші орынға ие болды. Би тобының жетекшісі Тамара Шильдерханова арнайы дипломмен марапатталды.
Биыл пандемияға байланысты балалар шығармашылығының кезекті халықаралық фестиваль-байқауының екі кезеңі де онлайн форматта өтті. Аймақты іріктеу кезеңдеріне 3000-нан астам қатысушыдан өтінім қабылданды. Ал халықаралық кезеңге 129 өтінім келіп, 379 бала қатысты. Соның ішінде 49-ы Ресей, Грузия және Өзбекстан шетелдік қатысушылар болды.
Фестивальдің қорытындысы бойынша шымкенттік шәкірт өзге қатысушыларды басып озып, топ жарды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі