ШЫМКЕНТ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ

Шымкенттегі дарынды оқушылар мен білім бәйгесінде үздік көрінген мектеп директорлары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бас қосты.
Жиында республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен білім беру мекемелерінің басшылары марапат төрінен көрінді.
Қалалық «Дарын» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Раушан Джеренова 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі» рейтингісе кірген 3 шымкенттік мектеп және 23 үздік оқушыны марапаттады. Ол мектеп директорлары мен оқушыларды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Жиын барысында оқу жылында жеткен жетістіктер сараланып, келер оқу жылына арналған жоспарлар пысықталды. Бұл ретте білім додасында оза шапқан мектептердің тәсілдері ескеріледі, дейді Р. Омарханқызы.