ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢНАН АСА ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

Шымкент қаласында жыл басынан бері 25 016 отбасыға (124 207 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бүгінде оларға 9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Оның ішінде, 1-3 жас аралығындағы балаларға – 56 246 пакет азық-түлік жиынтығы, 3-6 жас аралығындағы балаларға – 59 466 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы балаларға – 29 770 пакет тұрмыстық-химия жиынтығы үлестірілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.