ШЫМКЕНТТЕ 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫНА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек 34 862 отбасыға төленді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Жәрдемақы 30 472 отбасына шартты ақшалай көмек, 4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалып отыр. Осылайша қаладағы мұқтаж жандарға 2411,1 млн.теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. Салаға жауаптылар жылдан-жылға жәрдемақы алуға өтініш білдірушілер қатары артып отыр.Айта кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 44 мыңға жуық отбасыдан өтініш қабылданып, жергілікті комиссия шешімімен 33 мыңға тарта отбасына 17,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.
Биылғы жылға мұқтаж отбасыларын қолдауға 13 529,8 млн.теңге жоспарларланып отыр.