ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВАКЦИНА САЛДЫРУДА
Шымкентте қалалық білім басқармасының және басқармаға қарасты мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпені салдыруды жалғастыруда.
Осыған дейін білім саласында жұмыс істейтін 8 мыңға жуық қызметкер вирусқа қарсы вакцина алған. Бұл жалпы қызметкерлердің 30 пайызын құрап отыр. Басқарма тарапынан қызметкерлер арасында қауіпті індетке қатысты вакцинацияны жаппай салдыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар, індеттің ушығуына байланысты басқарма ғимаратында және білім беру ұйымдарында күнделікті карантин талаптарын күшейту бағытында тиісті іс-шаралар жүргізілуде.
Бүгін бір күннің ішінде 1 мыңнан астам қызметкер вакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі