ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУҒА 1 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жеке инвестор «Fishnet» ЖШС-мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде, инвестор есебінен 2021-2023 жылдары шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамтуға 1 млрд. теңге қаржы қарастырылатын болады. Нәтижесінде 80 000 үй сапалы интернет желісімен қамтылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, инвестор тарапынан интернетпен қамтуға қажетті құрал жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары Рысқұлов – Адырбеков, Қонаев – Желтоқсан мекен жайлардан басталды.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ы мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде 2021 жылы қаладағы Шымсити, Көкжайлау, Тұлпар, Жас отау, New City  шағынаудандарда, барлығы 3648 портты қосатын желі құрылысын жүргізу жоспарлануда (инвестиция көлемі 512 млн. теңге). Компания жеке сектордағы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін 2 жобаны іске асырды.

Атап айтқанда, FWA технологиясы (радиорелелік байланыс) арқылы 4800 абонент сапалы интернетпен қамтылады.