ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОҒАЛҒАН 6 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАУЫП, АТА-АНАСЫНА АМАН-ЕСЕН ТАБЫСТАДЫ

2021 жылдың 15 мамыр күні Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті жердің 35 жастағы тұрғыны сағат 18:15 шамасында 6 жасар қызы үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткені туралы арызданған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың дабыл қағуымен полиция қызметкерлері 6 жасар қызды табу үшін іздестіру іс-шарасына жұмылдырылды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2021 жылдың 15 мамыр күні сағат 19:35 шамасында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 6 жасар қызды көршінің үйінде ойнап жүрген жерінен аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.
Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.