ШЫМКЕНТТІҢ БАСТЫ КӨШЕЛЕРІНЕ 18 МЫҢ ТҮП ГҮЛ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Шымкентте көздің жауын алатын әсем гүлдерді отырғызу жұмыстары басталды. Түрлі-түсті гүлдер Әл-Фараби ауданының басты көшелеріне отырғызылды. Қазіргі таңда 18 мың түп болатын гүлдің 8 түрі егілді.
Көркейту-көгалдандыру бойынша жұмыстарды «Build Stroi» мердігер мекемесі жүргізуде. Олар қаланың басты көшелеріне тагетис, шафран, петунья, катарантус, сальвия, целозия, цеценария мен райхан сынды гүлдің түрлерін отырғызды.
Мамандар, гүлдер мен көгалдарды суару жаз бойы 60 рет жүргізілетінін айтады. Бірақ қажет болған жағдайда одан да көбірек суарылады. Гүл егу мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.
Жалпы жоспарға сәйкес аталған ауданда жыл соңына дейін 183 мың гүл отырғызу жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі