СЫРТҚЫ САЯСАТТА АБЫРОЙЛЫ ЕЛ

Қазасқтанның сыртқы саясаттағы бейбітшілік пен татулық идеясын алға ұстауымы – бұл бағыттың ішкі саясатта да салтанат құруының көрінісі. Мемлекетіміздің сырты саясаттағы қызметі бір ғана басты мақсатқа бағындырылған, ол – елдің дамуы және Қазақстан халықтарының әл-ауқатының жақсаруы.

2012 жылғы Жолдауда сыртқы саясатты жаңғыртудың міндеттері айқындалды: ұлттық мүдделерді прагматикалық тұрғыдан ілгерілету, экономикалық дипломатияны жандандыру, сыртқы саясаттағы теңгерімшілік, қорғаныс қабілетін, ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, әділ де бейбіт өмір құруда, G-Global диалогын дамытуда күш-жігерді біріктіру, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастық, шетелде Қазақстан халықтарын
және олардың мүдделерін қорғау. «Қазақстан-2050» стратегиясына сүйене отырып, 2014–2020 жылдарға
арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Мұнда Қазақстанның қалыптасқан мемлекет ретіндегі субъектілігінің өсуі, оның рөлі мен беделінің, өңірлік саяси және экономикалық салмағының артуы нақтыланған. Бұл ретте қазіргі заманның ахуалын ескере отырып, 2050 стратегиясына көшуге байланысты сыртқы саясатты жаңғырту қажеттілігі күн тәртібіне қойылды.

Тұжырымдама жаңа кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатын прагматикалық және ұлттық мүдделерге төзімділікпен әрі сәйкестікпен бағытталған саясат ретінде айқындады. Дәл осындай – белсенді әрі бастамашыл
сыртқы саясат «Қазақстан-2050» стратегиясының табысқа жетуінің және дамыған отыз елдің қатарына кірудің маңызды шарты және қолайлы ортасы болып табылатыны сөзсіз.