ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ДАМУЫНА ҚОСАР ТАРЫДАЙ ҮЛЕС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында. Біздің облысымызда да елеулі өзгерстер болып, «еңбек майданы» қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше дамуда.

Асығып алыс күндерге,

Бір белден асып, бір белге,

Адасып қалмай бір жерде,

Айсыз қара түндерде,

Отаныңды – іргеңде

Не жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, мен шетсіз де шексіз, бай, рухани құндылықты нәр тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын.

Тарыдай болып кірген алтын ұя-мектебімнен таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат-міндеттерім айқындала түсуде. Қазақ атты елім барда, Нұр ағадай елбасым барда мен жаңа өмір есігін сеніммен ашамын, алғашқы қадамымды нық басамын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.

А.МҰХТАР