ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Тәуелсіздіктің отыз жылдығында ел еңсесі тіктелді деуге толық негіз бар. Оның негізгі көрсеткіші — тоқтаусыз ағып тұрған су мен жарқырап жанып тұрған сапалы жарық. Шымкент қаласын толық сапалы электр қуатымен қамту жөніндегі жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Абай ауданында 34 елдімекеннің 26-сы елді мекені (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елдімекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланды.
Мемлекеттік электр жарығының тарифы – 14 теңге болса, жеке меншік транформатор тарифы — 34 теңге.
Биыл 8 елдімекенді электр жарығымен қамту үшін қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде.
Жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке-20 жыл, Ақжар тұрғындары мемлекеттік электр жарығына қосылады.
Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2 батыс бөлігіндегі құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Нәтижесінде жыл соңында ауданның электр жарығымен қамту көрсеткіші 84 пайызды құрайтын болады.