ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАЙСАР РУХ ЖЕМІСІ
Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Отан үшін Отқа түс күймейсің» дегендей, Отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанымды жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына бізбіз! Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен.
Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген атберілді. Стамбулда өткен түркітілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.
Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестететін болсақ: Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Оларжауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даярболады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді.
Алсу КЕҢЕС