ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕН МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ»

1992 жылдың басында жасалған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еліміздің орташа мерзімдегі тұңғыш жоспарлау тәжірибесі болды. Бұл өткен жылдардың былығынан даму жолын айқындап алып ойластыруға бағытталған алғашқы талпыныс еді, сондықтан оны бірінші үшжылдық жалпымемлекеттік жоспар деп сенімді түрде атауға болатынды. Тәуелсіздік алысымен алғашқы кезектегі маңызды мәселелерді шешу талап етілді. Бірінші кезекте мемлекет ретінде қалыптасуымыз қажет болды. Бұл дегеніңіз биліктің мемлекеттік институттарын құрудың, жалпы халықаралық аренада танылуға жетудің, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға кірудің қажеттігін көрсетті. Ќазір, өткенге қарайлай отырып, бұл жоспар көбіне-көп тірі қалудың стратегиясы ретінде өз мақсатын орындап шықты деп нақты айтуға болады. Атап айтқанда, ол біздің кім екенімізді, таяу және алыс болашақта кім болатынымызды айқындап берді.

Елбасы Н.Назарбаев ол жайлы: «Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білу жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды. Стратегия, өткенге қысқаша тарихи шолу жасай келіп, Қазақстанның қазіргі замандағы шекарасы алғашында тайпалардың этникалық мекен еткен ата қонысы, кейінірек қазақ ұлтын құраған жєне қазіргі Қазақстанның барлық Тәуелсіздік стратегиясы 17 жеріне бақылауын жүргізген халықтың тарихи жері болғанын айтып түсіндірді. Біз тәуелсіз мемлекет өзінің қазіргі көрінісімен сақталып келгенін – ол әлдебіреудің қазақтарға берген сыйы емес, біздің тарихи отанымыз, қазақтың ежелден бергі жері екенін ресми түрде мәлімдедік. Біз халыққа айқын бағдар бердік. Сондай-ақ біз мемлекеттің унитарлық тұтастығын, оның жерінің бірлігі мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін билік барлық конституциялық амалдарды пайдалана алатынын ашық айттық. Бұл сондайлық аумалы-төкпелі кезең үшін маңызды мәлімдеме болды» деп жазады.