ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫНДЫЛАРЫ: НҰРЛЫ МЕКЕН «НҰРСӘТ АУДАНЫ»

«Нұрсәт» – Тәуелсіздік алғалы Шымкентте салынған алғашқы шағынаудан.
О баста мұнда 50 мың адамға арналған көпқабатты 200 үй салу жобаланған. Соның 120-сын үш жылда салып бітірдік. Бірнеше бюджеттік мекеме қызметкерлері ипотекалық несиемен баспаналы болды. Үш жылда 20 мыңнан аса тұрғын қоныстанып та үлгерді. Шаршы метрінің 350 доллардан аспауы арзан әрі тиімді
баға болды. Өйткені астана мен Алматыда 800 доллардан түспей тұрған. Кейін қарқынды құрылысымызға республикалық бюджеттен қосымша тағы да қаржы бөлінді. Үкімет басқа облыстар игере алмаған қаржыны осы жобаға берді.

2004-2006 жылдары 18 миллиард теңгені игердік. «Нұрсәт» қаланың сырты емес, орталығына айналды. Осы құрылыс алаңында өзіміздің отандық, жергілікті 100-ден аса құрылыс компаниялары істеді. Бүгінде «Нұрсәттегі» тұрғындар жобалағаннан да асып кетті. Тұрғын үйден бөлек, жолдарға да көңіл бөлінді. Дінмұхамед
Қонаев даңғылы облыстың өз қаржысына салынды.