ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ

Елбасы бозбала кезінде сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі болды. Яғни Елбасы шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Елбасы өзінің еті мен менезінің мықтылығын мықтылығын спортта, балуандардың боз кілемінде дәлелдей түсті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамдардың игілігі үшін жұмыс істеді, сондықтан әрдайым өзін олардың қолдайтынына сенімді болды. Металлургтермен бірге ол қайнаған ыстықта жүрді, кеншілермен бірге штальняларға түсті. Сондықтан Елбасы үлкен лауазым иелері кабинетіне қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін «қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты ғана айтты. Ол кісі сонымен қатар түйткілді мәселелерді шешудің жолын ұсынды. Яғни дәлел мен дәйекке сүйене отырып. Оның пікірі әрқашан мұқият тыңдалды. Басшы ретінде Елбасының беделі жоғары болу себебі, ең алдымен оның жұмысшылар қатарынан көтерілгендіктен ол кісі барлық мәселелерді түп – төркінінен танып білетін еді. Жоғарыда айтып өткендей Елбасы еңбекқорлығының, ізденімпаздығы – ның, қажымас қайратының арқасында Қ.Р. Президенті дәрежесіне көтерілді. Ол кісінің ел дамуына қосқан үлестері шексіз. Саусақпен санарлықтай емес, ауыз толтырып айтарлықтай . Елбасы қызметіне келген соң ең алдымен өзінің тың идеялары арқылы қазақ жерінің есімін әлемге әйгілі етті. Жақында ғана Елбасының сондай бір жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы жолданды. Және өз жолдауында мақсаттарды айқындап берді. Жолдауда: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылғы қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деді. Елбасы жолдауынан жастар мәселесі де қалыс қалмады. Солардың кейбіреулері төмендегідей: «Бала тәрбиелеу – ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Өздеріңіз білесіздер оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы. «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата – ана үшін қағидаға айналуы қажет» деп атап өтті.
1996 жылы Елбасы айды аспаннан бірақ шығарды. Жаңа елорда сал бастамасын алғаш Қазақстан Президенті көтерді. Ол кезде бұл ұсыныс жүзеге асатынына көбісі күмәнмен қарады. Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандардың қатары көп болды. Бірақ олардың бәрі қателескен еді. Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына айналды. Қаланың бас сәулеткері Елбасы болды. Астана – Сарыарқаның төсінде орналасқан, Батыс пен Шығыс мәдениеті мен мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды.
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» сөздерін біз бүгінде зор құрметпен,патриоттық сезімімізбен айта аламыз. Астана елдің ең әсем қаласына, саяси, экономикалық, мәдени, рухани орталығына айналды. Елбасының өзі «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» деп бағасын берді.
Қаланың көптеген ғимараттары, ескерткіштері Елбасы сурет, сызба, нобай түрінде түсірген ойдан алынды. Бәйтерек, Хан Шатыр, Отан қорғаушылар монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Мәдениет орталығы, Ақорда резиденциясы және өзге де сәулеті келіскен ғимараттар Елбасының ұшқыр қиялының жемісі. Елбасының бойындағы қасиеттерге сан жетпейді. Және оның лауазымдық қызметтері дәл осындай. Мәселен Елбасы Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Жәнібек ханның ізін жалғастырушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы батыр, қолбасшы, дипломат, аса көрнекті мемлекет қайраткері Кенесары Қасымұлы, Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай тАйманұлы секілді ел тыныштығын ойлаған Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Бас қолбасышыс,
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Елбасы Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның жасаған игі ісінің жалғастырушысы Дүниежүзі қазақтары қауымдас – тығының төрағасы. Бұдан бөлек Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы , Қазақстан Республикасы жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы, Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы.
Елбасының сүйсінерлік тағы бір қасиеті бар. Ол – қарапайымдылығы. Ол кісі өзінің бір кітаптарының бірінде: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата – бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген» деп жазады.
Елбасы әрқашан «халық» деген ұғымды мәңгі жадында ұстап, елінің ертеңін ойлады. Халық игілігі үшін жасаған істерін күнде көзімібен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.
Елбасы туралы айтар сөз, мақтау жетерлік. Сондықтан осы жерден тоқтайын. Ең бастысы еліміздің көшбасшысы, қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы аман болсын. Елбасының аман – саулығы біз үшін асылдан да қымбат!

Айдана ЖАКУПОВА