ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: «ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТТІҢ» ДАМУЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕН 7 САТЫ АЛДА КЕЛЕДІ

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, «электрондық үкімет» және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға 2021 жылы 79 млрд теңге бөлінді.

«Электронды үкімет» порталын жасап шығуға және оның 2006-2016 жылдардағы жұмысына 46 млрд теңге жұмсалды. Бұдан өзге, LS басылымының мәліметінше, Қазақстандағы ақпараттық жүйенің жұмысына жыл сайын шамамен 9 млрд теңге жұмсалады. Ал жасап шығаруға – 17,3 млрд теңге, сондай-ақ, жыл сайын бұл сома өсіп отырады, деп хабарлайды Ranking.kz сайты. 

Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша, жақсы нәтиже көрсетіп, көптеген мемлекеттен алда келеді. Ал Ресейдің жағдайы керісінше нашарлауда. Еске салсақ, Қазақстан 2020 жылы 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға жайғасқан болатын. Көрші елдің индексі 4 саты төмендеп, 36-орынға жайғасты. 

«Осы орайда, Қазақстанның неліктен «электронды үкіметі» жолға қойылмаған мемлекеттен көмек сұрап отырғаны түсініксіз. Тіпті, «Сбербанкті» мемлекеттен тыс құрылым деп есептесек те, ол Ресей жағдайына пайдасын тигізбеген сияқты», – деп жазды Ranking.kz. 

Қазақстанда бүгінгі таңда «электронды үкіметтің» дамуына жауап беретін мемлекеттік компаниялар мен органдар бар. Мысалы:

  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
  • «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ;
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитеті.

Тұтастай алғанда, цифрлық даму министрлігіне «электрондық үкіметті» дамыту үшін бюджеттен орасан қаражат бөлінеді. Мысалы, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шеңберінде «электрондық үкіметті», ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға 2021 жылы – 79 млрд теңге, 2022 жылы – 62,8 млрд теңге және 2023 жылы 42,5 млрд теңге көзделген.

https://informburo.kz