ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІГІ: ОТАНДЫҚ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАУАР ТҮРІ ӘЛЕМНІҢ 120 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында QazTrade бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева хабарлады. 

Оның айтуынша, Қазақстанда экспортты қолдау мен дамытудың 20-дан астам қаржылық және шараларын қамтитын тұтас экожүйе құрылған көрінеді.

Бүгінгі күні қазақстандық экспорттық тауарлардың тізімдемесі 5 мыңға жуық. Олар мұнай өнімдерінен, металл прокатынан және машина жасау өнімдерінен бастап, жеңіл өнеркәсіп тауарларына, тұрмыстық химия және тұрмыстық заттарға дейін. Олар әлемнің 120 еліне жеткізіледі, — деді Әсел Егембердиева.

Сондай-ақ ол отандық тауарларға сыртқы нарыққа шығуға және онда орнығуға көмектесу – мемлекеттің міндеті деп отыр.

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған өңделген тауарларды экспорттаушылардың 80%-ға жуығы шағын және орта кәсіпорындарға жатады, — деп атап өтті ол.

 https://baq.kz/news/othernews/otandyk-5000-ga-zhuyk-tauar-turleri-alemnin-120-eline-eksporttalady/?utm_medium=referral&utm_source=lentainform&utm_campaign=baq.kz&utm_term=1296106&utm_content=9675016