ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ОҢ ІСТЕР

Ел саулығы — егемендіктің ғұмырлы, тәуелсіздіктің тұғырлы болуының негізгі кепілі. Ел тәуелсіздігін алған тоқсаныншы жылдардағы қиын кездерде қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудың көптеген көрсеткіштер төмендеп кетті. Өтпелі кезеңде ел бюджеті отандық денсаулық сақтау жүйесіне 2% — дан аз қаражат бөлді. Медицинаны толық қаржыландырмау медициналық көмек сапасының қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік бермеді. Мемлекеттің басты міндеті денсаулық сақтауды реттеуді күшейту және қаржылық қамтамасыз ету болды.

1998 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Халық денсаулығы»мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. 2000 жылдардан бастап денсаулық сақтау жүйесін бюджеттік қаржыландыру өсе бастады. 2004-2009 жылдар аралығында денсаулық сақтауды бюджеттік 33 жыл сайынғы көлемі 3,6 есе, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 3 есе өсті.

Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін кешенді жаңғырту стратегиясын таңдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан медицинасындағы сапалы оң өзгерістердің бастауы Денсаулық жылы деп жарияланған 2002 жылы болды. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау 4 бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші кезекте қазақстандықтарды сауықтыру және аурулардың алдын алуды қолға алды. 2002 жылы Қазақстанда халықты алғашқы жаппай зерттеу жүргізілді. Оның нәтижелері жақын болашақта әйелдер мен балалардың денсаулығына ерекше назар аудару керектігін көрсетті. Қазақстан ТМД-да жаңа туған нәрестелерді гепатитке қарсы вакцинациялау енгізілген алғашқы ел болды. Жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың алдын алу маңызды міндет болды.

Содан кейін Тұңғыш Президент денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін құру туралы жаңа міндет қойды. Еліміздің әрбір тұрғынына тегін медициналық қызметтер жиынтығы кепілдендірілді. Жеке меншік медицина секторы белсенді дами бастады. 2008 жылы 1,9 мың мемлекеттік емханаға 800 жеке меншік тиесілі болды, саладағы жеке сектордың үлесі 30 пайызды құрады. Үшінші бағыт инновациялық әдістемелерді енгізу және озық емдеу орталықтарын құру болды. Қазақстанда алғаш рет бүйрек алмастыру, сүйек кемігін трансплантациялау, эндопротездеу мүмкіндігі пайда болды. Реформалар халықты фармацевтикалық препараттармен қамтамасыз ету жүйесіне де әсер етті. Фармацевтика дәрі-дәрмек өндірісін ұлғайту және ішкі нарықты молықтыру үшін ғана емес, сонымен қатар сапалы тиімді реттеу үшін де қажет болды.

«Ұлт саулығы — ұрпақ саулығы», сондықтан елдің ертеңін ойлап, жүйелі жұмыстар атқарғанның нәтижесінде елдегі өмір сүру ұзақтығы артып, ана мен бала өлімі азайды. Мұның барлығы дер кезінде салаға бөлінген жеткілікті көңілдің көрсеткіші.

А.АСҚАР