ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

Медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы айтарлықтай ұлғайғанын атап өтті. Елде ауруханалар көбейе бастады-тағы 219 стационар мен 1200 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен амбулаториялар пайда болды. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді, ал республикалық медициналық орталықтарда бұрын қазақстандықтарға қолжетімсіз болған күрделі операциялар жүргізіле бастады.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру-пациенттің өз денсаулығын басқаруға қатысуының тағы бір қадамы. Енді науқас өзінің зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін «Дамумед» арқылы көре алады. Дәрігерлерге де жұмыс істеу ыңғайлы болды: КМАЖ бағдарламасы (кешенді медициналық ақпараттық жүйе), сондай-ақ әртүрлі медициналық ұйымдардың деректерін бір жүйеге біріктіру оларға пациенттің жолын бақылауға мүмкіндік береді: ол қандай медициналық ұйымдарға барды, қандай тексерулерден өтті.

МӘМС аясында қазақстандықтар қымбат тұратын жабдықтарда тексерілу мүмкіндігіне ие болды. Күрделі аурулары бар пациенттердің белгілі бір санаттары МӘМС есебінен дәрі-дәрмек ала алады.

Біз қазір қолданатын жабдықтарды 90-шы жылдары тек шет елде болар деп ойлаушы едік. Ал қазір біздің ауруханалар — бұл жоғары мамандандырылған зертханалар, соның арқасында, ең заманауи анализаторларда ИФА, ПТР-талдау, сондай-ақ иммуноферменттік талдаулар, паразитоздарға, аллергологиялық ауруларға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бар. Бұдан басқа, енді кез-келген пациент емделгісі келетін емхананы – ҚР кез келген ғылыми-зерттеу институтын немесе Президент Іс Басқармасының клиникасын таңдай алады.
Айта кету керек, Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «ауыл-ел бесігі» шеңберінде Қазақстанда 469-дан астам жаңа бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін салу жоспарланып отыр.