ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГ ҚҰРЫЛДЫ

Ұлттық медициналық холдинг 2008 жылдың мамыр айында құрылып, алты инновациялық құрылымды біріктірді: ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы, ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.

Халықты жоғары сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етудің біздің алысты көздеген Стратегиямыздың арнасында құрылған бас қаланың медициналық кластері Қазақстан халқына медицинаның жаңа стандартын әкелді. Сонымен қатар, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, медициналық кластер базасында халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болу жөнінде міндет қойылды, ол Қазақстан мен шетел азаматтарына ең озық медициналық технологиялар мен сапа стандарттары негізінде медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынатын болды. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне озық халықаралық тәжірибе трансфертін қамтамасыз етеді, Қазақстанның барлық басқа медициналық мекемелері үшін эталонға айналды.

Елордадан кейін өңірлер де дами бастады. Медициналық кластер құру тәжірибесін және өңірлік денсаулық сақтауда кластерлік тәсілді қолдану перспективаларын Ақтөбе облысының мысалынан байқауға болады. Мұнда Елбасының тапсырмасы бойынша Медициналық орталық құрылды, ол қазір отандық медицинаның дамуына үлкен үлес қосуда. «Aktobe Medical Center» — Қазақстандағы алғашқы өңірлік медициналық кластер. «Біздің клиникамыз қарқынды дамып келеді: біздің дәрігерлер нейрохирургия, балалар кардиологиясы, трансплантология сияқты салаларда бірегей жоғары технологиялық операциялар жасайды. Заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, жаңа технологияларды енгізу артып келеді, дәрігерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді», — деп атап өтті «Aktobe Medical Center» бас дәрігері Рүстем Исаев.