ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ЕЛІМІЗ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында ел медицинасы жеткен ең үлкен жетістік деп — ағза трансплантациясы жолға қойылғанын айта кетсек болады. Тіпті, еліміз трансплантология ғылымында үздік аталуда. Жапония сияқты дамыған мемлекет біздің мамандарды шақырып тәжірибе алмасуда.
Біздің еліміздің дәл осы салада дамыған елмен тереземіз теңесетін тұстар бар. Мәселен, кардиохирургия бізде өте жақсы дамыған. Шетелдің жетекші институттарының өзі санасады. Қазақстанда кардиохирургиялық күрделі операциядан бастап жүректі ауыстыруға дейін жағдай жасалған. Елімізде жүрек трансплантациясы жасалатынын мақтанышпен айту керек. Одан соң жұқпалы ауруларды жеңу жағынан үлкен жетістікке жеттік. Соның ішінде туберкулез – өте қауіпті инфекциялық ауру. Біз оны емдеудің ең тиімді әдістемесін қалыптастыра алдық. Келесі айта кететін нәрсе, инсульттерді, кейбір қатерлі ісіктерді емдеу жағынан біз кейбір дамыған елдермен бірдей қызмет атқарып жатырмыз. Енді ағза ауыстыру, яғни трансплантация мәселесіне келер болсақ, мысалы биыл Қазақстанда жүрек ауыстырып, салынды. Одан бөлек, өкпені, бауырды және бүйректі ауыстырамыз. Бұл – үлкен біліктілікті, қажыр-қайратты, білімді, шеберлікті қажет ететін операциялар. Одан бөлек, буындардың трансплантациясын жасалады. Буынды алып тастап орнына металл буын немесе жасанды буын салатын қабілеті бар қазақстарндық мамандардың. Ал жасуша өсіруде Қазақстан қазіргі дамыған Америкамен теңбе-тең тұр. Соның ішінде біз жасушаны адамның аборттық материалынан алып жасап жатырмыз. Соның арқасында бүгінде 20 000-нан астам адамның дертінің емі табылған. Соның ішінде қант диабеті, бауыр циррозы, бүйрек қабынған кезде, буындар, сосын жүйке жүйесінің жасушалары. Мінеки, Қазақстанда осындай алты түрлі жасуша бойынша орган өзінің функциясын жоғалтқанда, соны қалпына келтіретін жағдай бар. Бұл – 30 жылда жасалған үлкен жетістік.