ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕҢГЕН ҚАЗАҚСТАН

Әлеуметтік саясатқа 2014-2015 жылдардағы әлемдік дағдарыс жағдайында ерекше көңіл бөлінді.

Жаңа экономикалық ахуал жағдайында Үкімет алдында жаңа әлеуметтік саясатты жасау міндеті тұрды. Әлеуметтік салада мемлекетке екі қызмет жүктелді: адам капиталына тартылатын инвестиция және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету. Бұдан басқалары өз еңбектерімен табылуы қажет.
Ұлт жоспары бойынша әлеуметтік жәрдем белгілі бір адамдарға бағытталады, табыстары отбасындағы әр адамға шаққанда, күнкөрістік мөлшердің тең жартысынан төмен болған отбасыларға беріледі. Бұл ретте жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқандығы туралы әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Дағдарысқа қарсы белсенді әлеуметтік саясат өзінің жақсы нәтижелерін бере бастады: 2016 жылы жұмыссыздықтың өсуі тоқтатылды. Бюджеттік түсімдердің қысқартылуына қарамастан, Үкімет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындап шықты. Бюджеттегілердің еңбекақысы және жәрдемақылар ұлғайды. Ең төменгі еңбекақы (күнкөріс минимумы) 2010 жылдан 2016 жылға дейін 65 процент өсті. Аймақтардың әкімдері жұмыс орындарының сақталу мәселесін бақылауда ұстады және кәсіпорындардың тоқтаусыз жұмыстарын қамтамасыз етті.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тікелей көмек ретінде 2016 жылы 1,5 миллиард теңге бөлінген. Жарты миллион көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды. Он жылдың ішінде бала туғанда берілетін жәрдем
ақшаның көлемі 6 есе, ал баланы күтуге байланысты берілетін жәрдем 4 есе артты. 2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемнің көлемі және зейнетақы төлемдері 20 процентке өсті. «Нұрлы жол» бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020» жаһандық дағдарыс жағдайында өзінің әлеуметтік салаға бағытталуы
жағынан ерекше маңыздылыққа ие болды.