ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК КӨМЕКТЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медицина кадрларын ынталандыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда. Медицина қызметкерлерінің жалақысы артты. 2019 жылдың шілдесінен бастап дәрігерлердің жалақысы екі рет көтерілді (01.07.2019 ж. – 30%, 01.01.2020 ж. – 30%). Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есеге дейін жеткізе отырып, кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шеңберінде Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және олардың қызметін кәсіби қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау және ізгілендіру, кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды кезең — кезеңімен енгізу көзделген;

Ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджет шеңберінде көтерме жәрдемақы 12,4 % (717 маманның 89-ы), тұрғын үй-3,6% (717 — медицина кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі күшейтілуде. Медицина кадрларын даярлауға арналған гранттар 1500 орынға дейін ұлғайтылды, 2020 жылы жалпы сомасы 639 млн теңгеден астам сомаға 15 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.

Жергілікті деңгейде: — жатақханалар беру, коммуналдық шығындарды өтеу, байланыс қызметтерін көрсету, балабақшалардан орындар бөлу, ерлі-зайыптыларды жұмысқа орналастыру және т.б. арқылы дәрігерлерді әлеуметтік қолдау қамтамасыз етіледі. (2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы — 19,2 % (717 маманның 138 — і), тұрғын үй-7,4% (717 маманның 53-і), әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары-6,7 % (717 маманның 48-і)төленді.;

Қалаға жұмысқа келгендердің 8,5% — ына көтерме жәрдемақы (704 — тен 60-ы), тұрғын үй-0,7% (704-тен 5-і), өзге де әлеуметтік қолдау шаралары-2,6% (704-тен 19-ы) берілді . Жергілікті бюджет қаражаты шеңберінде әрбір жеке өңірдің ерекшелігі мен қажеттіліктеріне қарай кадрларды мақсатты даярлау үшін резидентурада оқуға гранттар бөлінген;