ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МАҢЫЗЫ АРТТЫ

Тәуелсіздік жылдарының ең үлкен жетістігі деп қазақ тілінің төрге шығуын айтсақ жарасар. Өз елінде өгейдің күйін кешіп, табалдырықтан телміріп қалған кездер келмеске кетті. Бұл жазбамызда тіліміздің түрлі салаларда қолданылуын назарларыңызға ұсынбақпыз.

Интернет кеңістігінде

«GoogleTranslate» және «Yandex Переводчик» аударма сервистеріне енгізілуі арқылы қазақ тілі әлемдік онлайн платформалардың негізгі тілдерінің біріне айналды. Wikipedia жүйесінде қазақ тіліндегі сегменттегі мәтіндер саны 200000 мақаладан асты. Microsoft компаниясының MSOffice, Windows бағдарламалық өнімдері қазақ тіліне аударылды. «Қазақстанның интернет қауымдастығының» мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Қазнетте қазақ тіліндегі сайттар саны қазақстандық сайттардың жалпы санына шаққанда шамамен 12 %-ті құрайды.
Мемлекет есебінен шығарылған кез келген медиа өнім (кітап, аудио немесе бейне, анимация) интернет желісіне тегін жариялауға тиіс. Осындай мәселелерді шешу үшін осы Бағдарламаны «Цифрлы Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасымен үйлестіру аса маңызды.

Бизнесте

Экономикалық ақпарат контентін қазақ тілінде жасап, сапасын жетілдіру ұлттық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Бұл ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген халықты кәсіпкерлік ортаға тартуға, ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды арттыруға септігін тигізеді, шағын және орта бизнестің дамуына түрткі болып, ұлттық бизнестің қалыптасуына мүмкіндік тудырады.

Қаржы секторының банк саласында
Ба
нк саласында мемлекеттік тілдегі терминдерді жүйелеу және жетілдіру мақсатында 2011 жылы салалық терминологиялық жұмыс тобы құрылды, оның жұмысының нәтижесінде бүгінгі күні 878 банк термині бекітілді.
2018 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 7,3 %-і банктерде тек «қазақ тілінде», 26,7 %-і «көп жағдайда қазақ тілінде сөйлеймін» деп көрсеткен.

Көркем, лексикографиялық, діни, іскери, оқу, терминологиялық және басқа әдебиеттерді 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігі әрқайсысы 2000 және 1000 дана таралыммен (барлығы 49000 дана) 27 түрлі кітап (ғылымитанымдық, оқу-әдістемелік, балалар әдебиеті жанрындағы кітаптар) шығарса, оның 25-ін қазақ тілінде шығарды.

Өнерде, театрда, кинода және эстрадада
Елімізде 22 қазақ, 12 орыс, 3 аралас, 1 кәріс, 1 неміс, 1 өзбек және 1 ұйғыр театрлары жұмыс жасайды. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы осы театрлардың репертуарында қазақ тілінде 105 қойылым, орыс тілінде 78 және басқа тілдерде 133 қойылым көрсетілді;