ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ӨҢДЕУШІ ӨНЕРКӘСІПТІҢ КӨЛЕМІ ӨСУДЕ

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелу деңгейі орта есеппен 44 % – 58 %-ды құрайды. «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша жиһаз, ағаш
өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктелуі 45 – 59 %-ды құрайды. Қуаттарды жаңғыртуға арналған айналым қаражатына қаржы қаражатының жетіспеуі, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорындардың өніміне сұраныстың болмауы немесе жеткіліксіз болуы, арнайы жабдықта жұмыс істеу
үшін даярланған кадрлардың жеткіліксіздігі немесе болмауы, шикізатпен проблемалар өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарының толық жүктелмеуінің негізгі себептері болып табылады.

Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінің қазіргі көптеген алыптары, мысалы, Оңтүстік Корея сияқты, бір кездері әртүрлі елдерден импортталған шикізат пен құрамдас бөліктерден соңғы өнім шығарумен айналысқан. Экономиканың ағымдағы жағдайынан барынша пайда алудың мұндай стратегиясы уақыт өте келе осы елдердің өз салаларында әлемдік нарықта жетекші өндірушілерге айналуына мүмкіндік берді. Осының салдарынан, қазіргі уақытта интеграцияны ынталандыру және әлемдік өндірістік және сауда тізбектеріндегі Қазақстан Республикасы
экономикасы үлесінің тиісінше өсуі есебінен өзіндік шикізаттық емес экспортты дамыту өте өзекті болып отыр. Қажетті шикізат пен құрамдас бөліктердің импорты, оларды қайта өңдеуді тереңдету және импорт толтыру қағидаттары арқылы қосылған құны жоғары өнімді кейіннен өткізу есебінен өндірісті жолға қою мүмкін.

Кәсіпорындардың орнықты тыныс-тіршілігінің маңызды факторы шикізатпен қамтамасыз етілу болып табылады. Отандық шикізатпен қамтамасыз етудің неғұрлым жоғары деңгейі кокс өндірісі және мұнай өңдеу (98 %),
металлургия өнімдерін өндіру (90 %), дайын металл бұйымдарын өндіру (машиналар мен жабдықтардан басқа) (86 %) сияқты салаларда байқалады.