ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуынша, мықты бизнес – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында ШОБ-тың рөлін күшейту және оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай кем дегенде 35%-ға жеткізу міндетін қойды. 2050 жылы біз 50% көрсеткішке жетуіміз керек. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды мақсат еткен «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Міндеттері:  Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру; Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту; Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру; Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету; Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру; Іскерлік байланыстарды кеңейту.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына қатысушыларға қажетті құжаттар:

1) «Атамекен» ҰКП-да «Бизнес мектеп», «Bastau Business», «Бизнес-Кеңесші», «Жас кәсіпкер» курстарынан өткені туралы сертификаттарының бірі;

2) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда, бизнес-жоспар әзірлеуде көмек көрсетіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;;

2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын мемлекеттік гранттар беру Қағидасының  2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға берілетін өтінім;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

4) өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоғы туралы анықтама;

5) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама (бар болған жағдайда);

6) мемлекеттік гранттар беру Қағидасының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;

7) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

8) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоса қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бары туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);

9) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат.