ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛНАМАСЫ: ҰЛТТЫҚ БАНКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен-ақ Ұлттық банк ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Тарихына келер болсақ, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден орындалуын талап етті. Барлығы да әр түрлі қажеттіліктеріне қаржы
бөлуін сұрай бастады.
Осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы заңды күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Ұлттық банк өзіне заңнамалық актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде тәуелсіз қызмет жасайтын және Президентке ғана есеп беретін болды. Содан бері өкілетті және атқару билігінің ешқандай да органдарының Ұлттық банктің қызметіне араласуға құқығы жоқ. Бірақ та, әрине, барлық басқа елдердегі сияқты, біздің Ұлттық банк жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың мәселелерін Үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс. Сол 1995 жылы республиканың банк жүйесін реформалаудың бірінші бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның мәні банктердегі тұрғындардың өз беттерімен салған жинақтары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаржылары және сыртқы заемдары есебінен, экономикаға несие бөлуді қамтамасыз етуінде болды.

Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi. 

Қорытындылай келе, ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ, ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.