ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: МУЗЕЙ ТӨРІНДЕГІ КӨРМЕ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облыстық тарихи өлкетану музейінде жоспарға сәйкес көрме жасақталды.

Көрмеде музейдің негізін қалауға үлкен үлес қосқан өлкетанушылар Б.П.Тризна, М.Е.Массон, И.К.Шпотаның фотосуреттері мен қолжазбаларының көшірмелері көрсетілді.

Ең алғаш музей қорына түскен жәдігерлер: аяққап, қоржын, басқұр, кесеқап түгендеу карточкаларымен қойылды.

Археологиялық қазба жұмыстары, жәдігерлерді жинақтау, зерттеу барысында түсірілген фотосуреттер мен жәдігерлер де көрмеге көркемдік сыйлады. Орындаған: Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) және «табиғат және экология» бөлімі.