ЦИФРЛАНДЫРУ ЖЕМІСІ — «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында негізгі 10 міндет айқындалған. Соңғы оныншы міндетте «ақылды қала» тұжырымдамасы қамтылған. Ақылды қала тұжырымдамасының түбі цифрландыруға барып тіреледі. Біз әлеммен бірлестікте өмір сүргендіктен, бұл процестен сырт қала алмайтынымызды Елбасымыз ертерек аңдаған.

Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етуде. Сонымен қатар, әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания ұлттық
экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы елдер болып табылады. Қытай өзінің «интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктіреді, Канада Торонтода АКТ-хабын жасады,
Сингапур драйвері АКТ болып табылатын «ақылды экономиканы» қалыптастырады, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды, кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді
таратуға бағдарланады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар аударуда.

Осы елдерде мемлекет бағдарламаны іске қосу мен іске асыруда маңызды рөл атқарады. Цифрлық жекешелендіру тәсілінің ең жарқын мысалы — Сингапур. Осылайша, 2014 жылы мемлекет Smart Nation тұжырымдамасын әзірлеуді бастамашылық етіп, оны нақтылау және іске асыру үшін бизнес және
сарапшылар қауымдастығын ынтымақтасуға шақырды. Smart Nation – мемлекеттің азаматтардың күнделікті өміріне цифрландыруды енгізу арқылы өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бастамасы. Мемлекет Smart Nation
шеңберінде бастамаларды іске асыру үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірқатарын шешу үшін бастапқы сұрауды қалыптастырды. Мәселен, бастапқыда айқындалған негізгі бастамалардың бірі «ақылды қаланы» құру үшін ұлттық сенсорлық желіні дамыту болып табылады.