ТУРИЗМ — ТАБЫСТЫ ЭКОНОМИКА ТЕТІГІ

2019-2025 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасының мақсаты — 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің кемінде 8 % үлесін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 19-тармағында көрсетілгендей туристік сала — ел экономикасына серпіліс әкелетін салаға айналуы тиіс.

Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі жағдайларында туризм жетекші және қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне айналып келеді. Бюджетке салықтық түсімдердің, шетел валютасы ағынының, жұмыс орындары санының өсуі есебінен туризм экономиканың басты секторларының (көлік, байланыс,
құрылыс, ауыл шаруашылығы, жаппай тұтынылатын тауарлардың өндірісі) дамуына үлес қосады.
Тиімді геосаяси жағдайда орналасқан Қазақстан қомақты тарихирекреациялық ресурстарды әрі әлемдік мәдени және тарихи мұра объектілерін, бірегей табиғи алуан түрлілікті иелене отырып, жаңа туристік өнімдерді дамыту
әлеуетіне және әлемдік туризм картасында ірі ойыншыға айналуы үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.

Алайда, қазіргі уақытта туризм саласының даму қарқыны орташа, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік-экономикалық әсері мардымсыз. Қазақстан Республикасына туристік ағынды ұлғайту мақсатында кедергілерді азайту және
саланы стратегиялық жоспарлау арқылы саланың әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау керек.
Осы Бағдарлама туристер қызығатын орындарды дамыту және еңбек ресурстарын туризм саласына жаппай тарту, сыртқы және ішкі туристік ағынды түбегейлі өсіру, қолайлы туристік ахуал құру арқылы туристік салаға
инвестицияларды ұлғайту, ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік әлеуетін танымал ету, елдің туристік саласын толыққанды институттандыру арқылы туристік көрсетілген қызметтер мен өнімдердің
қолжетімділігін және сапасын, сондай-ақ халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға бағытталған.

Бұл ретте, Бағдарламаны іске асырудың бастапқы кезеңіндегі мемлекеттің белсенді рөлі бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамыту және арттыру үшін сала субъектілеріне қажетті қолдауды етеді. Бағдарламаны қабылдау отандық туристік саланың тиімді дамуы үшін қажетті жағдай жасайды және 2025 жылы ЖІӨ құрылымында 8 %-дық үлеске қол жеткізу міндеттеріне жетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.