ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ТӨРТІНШІ СЕССИЯСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
14 наурызда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтіп, 22 мәселе қаралды. Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар төрағалары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев жүргізді.
Сессияда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылы атқарған жұмыстары сараланды. Сонымен қатар күн облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөнінде облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.
Жиында облыстық қоғамдық кеңестің құрамы және Түркістан облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі бекітілді. Сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы сессия жұмысында мәслихат депутаттары 22 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
Облыс әкімі Ө.Шөкеев сессия жұмысын қорытындылай келе елге еңбегі сіңген азаматтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамоталары мен Алғыс хатымен, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі