ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Мира Сүлейменова тағайындалды. Сүлейменова Мира Пернебекқызы 1978 жылы 5 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп — гимназияның үздік түлегі. Білімі — жоғары. 1999 жылы Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Юмакс радиосында» журналист болып бастап, жаңалықтар қызметінің бас редакторы қызметін атқарған. 2002 — 2013 жылдар аралығында «31 арнаның» ОҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. «31 — Шымкент» телеарнасының жаңалықтар қызметінің бас редакторы болған. 2017 жылдан бері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі