«ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында биыл 13 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген. Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасының» іске асырылуы барысы талқыланды.

Бағдарлама аясында қалада 392 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 200-ге жуық азаматты қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру көзделген. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 100-ден аса адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі