ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МҰРАСЫ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыру жолдарына арналған семинар өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық жобаларды жүзеге асыру жолдарына арналған семинар өтті.
Семинарға Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов және Мəдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев, сонымен қатар өңірлердегі мәдениет ұйымдарының басшылары мен ұлттық жобаларды сүйемелдеуші жауапты мамандар қатысты.
Семинардың мақсаты – «Оқитын ұлт» мемлекеттік жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, мектеп қабырғасындағы өскелең ұрпақтың бойына мәдени тәрбиені сіңдіру және мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген ұлттық құндылықтар мен дәстүрді, мәдени деңгейді арттыру және заманауи қоғамды рухани жетілдіру, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан «Рухани жаңғыру» құндылықтарын және «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын ілгерілету мәселелеріне назар аударылды.
Семинардың кіріспе бөлімінде Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов елімізде ұйымдастырылған бірқатар іс-шаралар мен алдағы уақыттарға жоспарланған ауқымды жобалар туралы айтты.
Осыдан кейін Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев сөз алып, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалар барысын тарқатып айтты.
«Осы жылдың 12 қазанында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Ұлттық жоба «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерге толық сәйкес әзірленген.
Ұлттық жобаның мәдениет саласы бөлігінде келесі бағыттар қамтылған:
1 бағыт — «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту аясында 7 іс-шара көзделген.
2 бағыт – «Ел рухы» аясында 13 іс-шара қарастырылған.«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту бағыты бойынша Мәдениет және спорт министрлігіне қатысты 2 мақсатты көрсеткіш көзделген: Мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту және «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру. Сонымен қатар іс-шарада Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыстың негізгі бағыттары түсіндіріліп, бірқатар көкейкесті мәселелер мен ұсыныстар айтылды.«Ел рухы» атты 2-ші бағыт бойынша Мәдениет және спорт министрлігімен 2 міндет, 5 мақсатты көрсеткіш көзделген.1-ші міндет «Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру» аясында:
1) Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда;
2) Мәдениет саласындағы отандық цифрлық ресурстарға кіру санын арттыру;2-міндет «Отандық мәдени өнімді танымал ету» аясында:
1) Жаңадан шығарылған отандық анимациялық фильмдердің саны;
2) Қазақстандық кинопрокаттың жалпы көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі;
3) Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны.«Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда» көрсеткіші аясында 6 іс-шара қарастырылған»,- деді Мәдениет комитетінің төрағасы.
Сонымен қатар жиын барысында ұлттық жоба аясындағы өзекті мәселелер мен бірқатар ұсыныстар айтылып, көкейкесті сұрақтар қойылды.