ШЫМКЕНТТЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ОҚУДАН ӨТТІ
Қазіргі ғасыр техника мен технологияның, ғаламтордың уақыты. Бұл саланың күн санап дамуы халықтың цифрландыру жағынан сауатты болғанын керек етеді. Қолымыздағы смартфон арқылы шексіз қызметке қол жеткізуге мүмкіндік бар заманда әрбіріміз заманға сай сауатты болмағымыз ләзім. Шымкент қаласында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Ағымдағы жылы, қала тұрғындардың (колледждер, мектеп жасындағы оқушылар, зейнет жасына дейінгі және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жұмыссыз жүрген азаматтар, халықтың әлеуметтік осал топтағылар) цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы интернет ресурс ашылып келесі шаралар ұйымдастырылды.
- 5 бағдарлама, 2 видеоролик әзірленді;
- әлеуметтік желілерде таргетингтік жарнаманы іске қосылды;
- IT-тренер штаттары бекітілді;
- Telegram, Youtube, Instagram, Facebook каналдары іске қосылды.
Қазіргі таңда, 15 мыңнан астам тұрғын онлайн режимінде оқудан өтті. Көрсеткіш 100% орындалып, Цифрлық даму министрліктің арнайы youtube арнасында бейнероликтер салынды.